Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дина Төлепберген: Бар күшім мен көңілімді "Астарлы ақиқатқа" беріп, балаларымның жетімсіреп қалғаны раc

Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасының шығармашылық үзіліске шыққанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тележүргізушінің айтуынша, кез-келген бағдарламаның аяқталатын күні болады. 

"Не болды, Дина? Қайдасың? Күнде Сені көрейін деп кешкі сегізде теледидар қосам, сен жоқсың..." Әкем бүгін таңертең осылай деп хабарласты. Әдетте ата-анам уайымдамасын деп, жұмыс жайын оларға көп айтпаймын. Осы жолы жауап бермеске болмады. Әкеме айтқаным мынау:

"Уайымдамаңыз. Өзіңіз білесіз ғой, кез-келген супербағдарламаның да белгілі бір межеге келіп, тоқтайтын биігі болады. Астарлы ақиқаттың телевизия нарығында алмаған шыңы жоқ. Осыдан кейін әрмен қарай өсуі немесе құлдырау үрдісінің байқалуы мүмкін. Мұндайда, кәсіби мамандар шығармашылық үзіліс жасап, болашақты бағамдауды, медианарықтың ерекшеліктерін ескереді. "Сондықтан арна басшылығымен "пауза" жасауды жөн деп шештік", - деп жазды Төлепберген.



Тележүргізуші осы жылдар ішінде бағдарламаға көп уақытын арнап, отбасы мен балаларына көңіл бөле алмағанын, денсаулығына да зақым келтіріп алғанын жеткізді. 

"Оның үстіне бар күшім мен көңілімді "Астарлы ақиқатқа" беріп, өзім де, отбасым, балаларымның жетімсіреп қалғаны рас. Енді сол олқылықтың орнын толтыру керек. Денсаулығымды қалпыма келтірсем, Алла қаласа, жаңа күш, жаңа ойлармен оралармын".

Әкем секілді, мені уайымдап жатқан қазақ халқына мың алғыс.

Иә, Астарлы ақиқаттың кейіпкерлеріне берген уәделерімді мен соңына дейін жеткіземін. 15жасында мама болған Дианаға қатысты ДНК жасалды. Арнайы репортаж DinaTolepbergen youtube каналына шығады", - дейді Төлепберген.

Талқылау