Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Дина Таңсәрі Черногория билігінен баспана сұратты – Бас прокуратура

Фото: Немолчи

Бас прокуратура “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрінің Черногориядан баспана сұратқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

15 сәуірде экстрадициялау рәсімі аясында Черногория соты Дина Таңсәріні босатты. Өйткені оның Черногориядан баспана сұраған өтініші әлі қаралмады.

Ведомство Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ екенін айтты. Сондықтан оны экстрадициялау туралы шешімді Черногория құзыретті органдары қабылдайды.

"Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілді", – деп хабарлады Бас прокуратура.


Дина Таңсәрі қандай қылмыстар бойынша күдікке ілінді: Бас прокуратура айтып берді


Еске салсақ, осыған дейін "НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталғанынжазғанбыз. Артынша экстрадициясына қатысты сот отырысы өтіп, Черногория билігі Дина Таңсәріні босатты. Ол өзінің босатылуына қатысты пікір білдірді. 

Дина Таңсәрі бастапқыда қандай құжатқа қол қою қажет екенін түсінбегенін, бөлімшеде адвокатсыз және аудармашысыз болғанын алға тартты. Оған қоса, қазір саяси босқын мәртебесін алып жатқанын айтты.

“Бүгін адвокатпен 10 минут сөйлесуге мүмкіндік берілді. Сот менің төлқұжатымды алып қою туралы шешім шығарды. Экстрадиция мәселесі әлі қаралған жоқ. Бүгін сотта тек бұлтартпау шарасы қаралды. Сот босқын мәртебесі берілгенше мені қамауға алу немесе алмау мәселесін шешті”, – деді Дина Таңсәрі. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 11:39
Талқылау