Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін жолына түскен Алтынай Жолдыбаева пластикалық ота жасамағанын айтып ақталды

Белгілі әнші әрі актриса Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/altynaizholdybayevanew

Дінге бет бұрған Алтынай Жолдыбаеваны іс-әрекеті мен сырт келбеті сәйкес келмейді деп айыптаушылар көп. Оның айтуынша, ол пластикалық отаның көмегіне жүгінбеген. 

Оқырманның: “Алтынай, шынында Алла жолында болсаң, макияж жасама, ерніңді бұрынғы қалпына келтір, кірпік жалғама. Сіз сияқтыларды түсіне алмаймын” деген сөзіне актриса: “Алла берген ерін де, кірпік те өзімдікі. Ал макияж фотосессия үшін. Сонда оранған қыз сіздер үшін бірден тақуа немесе періштеге айналу керек пе? Өзгені сөгуге дайынсыздар, иә? Алла мейірімділік берсін”, – деп жауап берді. 

Сондай-ақ ол Динара Сәтжанның “Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша төлейді” деген мәлімдемесін де жоққа шығарды. “Алтынай хиджаб киген соң Динара Сәтжанның сөзінің растығына көзім жетті” деп жазды желі қолданушысы.

“Олай болса, Алла жүрегіңізге хидаят  берсін. Дінімізбен, Раббыңызбен және Оның аманатымен таныс болсаңыз, кім көрінгеннің әңгімесіне құлақ шала беруді доғарушы едіңіз”, – дейді Алтынай Жолдыбаева.

Бұған дейін актриса сүйіктісі жайлы айтқан еді.

Талқылау