Дін істері министрлігі кәмелетке толмағандардың не себепті құлшылық ете алмайтынын түсіндірді
Діни қызмет туралы заңнамаға түзетулер енгізілсе, 16 жасқа толмаған балалар ата-анасы, кәмелетке толған жақындары және заңды өкілдерімен ғана құлшылық ету рәсіміне қатыса алады.
Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын ОКҚ-да өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«16 жасқа толмаған балалар құлшылық ету рәсіміне қатыса алмайды деген сөз емес. Балалар ата-анасымен, кәмелетке толған жақындары не бауыларымен, заңды өкілдерімен еріп бара алады. Бұл жерде мүлдем тыйым салу керек деп отырған жоқпыз», – деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын.
Вице-министр діни қызмет туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді үш бөлімге жіктеп көрсетті. Жоғарыда аталған норма бірінші бөлім, яғни деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған.
«Бұл норма не үшін пайда болды? Ата-аналардан көп шағым түседі, мысалы бір ата-ана балаларының белгісіз діни ғимаратқа жиі баратынын, олардың деструктивті ағым жетегінде кетуі мүмкін екенін айтыпшағымданды. Немес керісінше болуы мүмкін. Анасы баласының әкесімен бірге діни орындарға баруына қарсы. Осы мәследен құтылу үшін осындай нормалар енгізді», – деді Берік Арын.
Сонымен бірге ол діни бірлестіктердің жетекшілеріне де жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Олар жоғарыда айтылған талаптарсыз кәмелетке толмағандарды құлшылық ету рәсіміне қатыстырмау туралы шаралар қабылдауы тиіс.
Естеріңізде болса, Берік Арын бүгін атеистердің құқығы қорғалатыны туралы да айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Франциялық қыз қуыршаққа ұқсау үшін 45 мың доллар жұмсаған (фото)
Құлағымен су ішіп, сыбызғыда ойнайтын қытайлық желі қолданушыларын таңдандырды (видео)
Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен