Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Египетте ұсталған қазақстандық студенттерге қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарды шетелге оқуға ресми жолдамасыз бармауға шақырды.
Астанада бейсенбіде журналистермен кездескен Ермекбаев шетелге «күмәнді» оқу орындарында діни білім алуға кеткендермен билік жұмыс істейтінін де айтты. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жолдамасынсыз діни білім алып, ҚМДБ құрылымына жұмысқа орналасуға болмайды» деді министр.
Ресми мәлімет бойынша, қазір шетелдерде бірнеше жүз қазақстандық діни білім алып жатыр. Биліктің дерегінше, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның жүздеген азаматы Сирия мен Ирактағы экстремистік топтар қатарына қосылған.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)
9 жасында жездесі зорлап, кейін туған нағашы атасы қорлаған қыз әділдікке жете алмай жүр
Астана стоматологиясында тіс жұлдырған ер адам есінен танып қалды