Димаштың қытайлық фанаттары қазақ тілін үйрене бастады
Қытайлықтар Димаш Құдайбергеновтың әндерін түсіну үшін қазақ тілін оқи бастаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фото: Инстаграм
Димаш қазіргі таңда Қытайдағы “Singer-2017” жобасына қатысып жатыр. Бірінші кезеңде ол “SOS d’un terrien en détresse” жеңімпаз атанды. Көрермендер де, қатысушылар да, танымал әншілер де Димаштың талантына таңғалғандарын еш жасырып қала алмаған.
Қазылардың ең жоғарғы ұпайына ие болған әнші, келесі кезеңге еш қиындықсыз өтті.
Жарыс ережесі бойынша шоудың бірінші күні бір қатысушы жобадан шығып қалып, өзге жетеуі келесі кезеңге өтеді. Әншінің досы Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, қазіргі кезде қытайлық тыңдармандар Димаштың әндерін түсіну үшін қазақ тілін үйренуге кірісіп кеткен.
Бұған дейін әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаштың күллі қытайлықтарды таңғалдырғанын жазған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген.
Оқи отырыңыз:
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Аша Матай жаңа істі қолға алды
Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)
Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)