Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың ізбасары: Мен қазақтың атын шығарғым келеді (видео)

«Опера-2» әні көптен бері ұмытылып қалған еді. Оны Қытайдағы байқауда отандасымыз Димаш Құдайбергенов қайта жаңғыртты десек те болады. Енді міне аталған әнмен 11 жасар Мәди Аманбаев барша Қазақстанға танылып жатыр.

пиа0

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

Жас әнші алғаш рет сахнаға 9 жасында «Әлия» әнімен шыққан. Бүгінде Мәди «Аялаған Астана» республикалық байқауының финалына жолдама алған. Жеңіске жеткен жағдайда «Жас толқын» байқауына қатысуға мүмкіндік алмақ. «Ұлым 8 жасынан бастап өлең айта бастады. Ал үлкен сахнаға 9 жасында шықты. Оның әнші болуына ешқандай да қарсы емеспін. Бұл қасиет оған атасынан дарыған. Мен Мәдидің бұл өнеріне аса таңғалмаймын», – дейді Мәдидің анасы.

– Мәди, сабақты қалай оқисың? Сенен «Опера-2» әнін орындауды сұраған кезде жұлдыз екеніңді сезінесің бе?

– Жезқазған қаласындағы мектепте білім алып жатырмын. Сабағымның барлығы «5» десем де болады. Адамдар «Опера-2» әнін айтып берші» деп жиі өтініш білдіреді. Мен әрдайым бұл әнді орындап беруге дайынмын.

– Алдағы уақытта әнші болуды армандайсың ба?

– Иә, мен әнші болғым келеді.

– «Аялаған Астана» байқауына дайындығың қалай болып жатыр?

– Дайындығым жақсы. Бастапқыда біз дауысты шынықтырып, тамағымызды ашып аламыз. Әр кезеңнің тапсырмасы әртүрлі болады. Солардың барлығына дайындалып жүрмін.

– Жалпы өзің Димаш ағаңа еліктейтін сияқтысың. Солай ма?

– Иә. Мен Димаш ағам секілді сонау Қытайға және басқа да елдерге қазақты танытқым келеді.


Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай Францияда қазақ тілін дамыту үшін не істегенін айтты

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Сәнгер Исмаилов Абай Бегейден 400 мың теңгесін әрең алғанын айтып масқаралады

Бүркіт әкесінің 80 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Талқылау