Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты сынаған дінтанушы өз сөздеріне түсініктеме берді

Дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлытай Димаштың жетістігіне таққан сынына қатысты түсініктеме берді. Ол Димаштың талантына шүбә келтірмейтінін, тек онсыз да тауарымен бүкіл әлемді жаулаған Қытайдан сақ болу керектігін ескерткенін мәлімдеді.

Dimash_8

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біраз адамдар мені дұрыс түсінбей жатыр, жас əншінің талантының ашылғанын көре алмай жатыр дейді, əсте олай емес, біріншіден мен əнші емеспін, бақталастығым жоқ, қазақтың əр баласының бағы жансын деп тілеймін. Ал екіншіден, өзім ғылыммен айналысып жүргендіктен, əсіресе саясаттану, мəдениеттану, əлеуметтану, дінтану зерттеу тақырыптарым болған соң, халықаралық саясат пен экономиканы күнделікті қадағалап тұрған соң аналитика өздігінен шығып жатыр, менікі естен танбайық, шалқадан құламайық деген бір селт етер ғой”, – деп жазады Мұртаза Жүнісұлы Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, бұған дейін біз Қытай елін бүкіл әлемді тауарымен асырап жатқан ел деп қабылдадық. Ал мына жобадан кейін Қазақстан халқының оған деген көзқарасы өзгерген.

“Бүгінге дейін қытайдың киімін кидік, заттарын тұтындық, бірақ Қытай санамызға кіре алмаған болатын, біздің Қытайға деген көзқарасымыз әйтеуір базарымызды солардың өнімдері жаулап алған, бүкіл әлемді Қытай асырап жатыр деген қарабайыр түсінік деңгейінде болатын. Ал Қытай сыртымызда жүрсе де ішімізге кіре алмаған болатын, яғни санамызға, ақылымызға, сезімімізге, менталитетімізге, психологиямызға т.б., осындай тележобалар қытайдың телеканалдарын әрбір қазақтың үйіне кіргізіп берді, айналымнан айналымға дүйім жұрт осы тележобаны аңдумен, асыға күтумен, қараумен өтетін болды. Ал өзіңіз білесіз осы телевизор, қазіргі интернет ақпаратты тасымалдаудың, сананы жаулаудың ең басты құралы. Қазір Қытайға деген көзқарас өзгеріп барады, бұрынғы секемшілдіктен, сескенуден гөрі қазір тек оң баға беріп, өзеурете қарайтындар пайда болып жатыр, осыны айтып отырмын. Өнер де спорт та дін де тікелей немесе жанама түрде кейбір ықпалдарды тасымалдау үшін қолдануға қолайлы құралдар, лезде пәленбай миллион адамның назарын аударта алатын күш потенциалы ғажап феномендер. Менің айтып отырғаным осы қыры ғана, басқа жаққа тарпаңыздар, бұрмаламаңыздар, дұрыс түсініңіздер құрметті халайық”, – деп түсіндірді Мұртаза Жүнісұлы.

Есте болса, бұған дейін Димаштың әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаевтың дінтанушыға берген жауабын жариялаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)

Димаштың шетелдік тыңдармандары Абайды зерттеп жүр

“КешYou” тобының жаңа құрамы анықталды (видео)

Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап жұртты шошытты (фото)

 

Талқылау