Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

Отандасымыз қатысып жатқан “Мен әншімін” жобасының жетінші кезеңі аяқталды. Аталған кезеңнен кейін Димаш Құдайбергенов елге оралды. Алайда оны Астана әуежайында күтіп алған жанкүйерлер аз болды.

16789261_880115148757943_9153591531397971968_n

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Елге оралған Димашты күтіп алған жанкүйерлері саусақпен санарлық болды. Оның өзі – Қытайдан келген қазақ жастары. Ол әншіні Қазақстанда тосып алғандығын қытайлық sina weibo әлеуметтік желісінде жазуда.

Айта кетсек, қазақстандық әнші түсірілім жұмыстары толық аяқталғаннан кейін елге Үрімжі әуежайынан ұшып шықты. Димаштың әуе рейсін алдын-ала біліп алған көптеген жанкүйер оны “Дудар-ай” әнімен жолға шығарып салды. Димаш 23 ақпан күні “Мен әншімін” ән байқауының жетінші кезеңінде «Дайдидау» әнін шырқап, үшінші орыннан көрінді. Бұл кезең эфирге 4 наурыз күні шығады.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)

Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Талқылау