"Димаштың көзіне түссе екен": Арбатта ән айтқан кішкентай бүлдіршін көпті тәнті етті
Фото: Видеодан скриншот
Арбатта ән салған кішкентай талант елдің жүрегін елжіретіп, көптің ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнерпаз “Любовь уставших лебедей” әнін жоғары деңгейде орындаған.
Әділ Бектұрсынның жасы 8-де. Опера әншісі болуды армандайды. Жалпы білім беретін орта мектепте 3-сыныпты бітірген. Оған қоса №7 Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектептің 1-сыныбын аяқтаған. Ол 3 жасынан бері ән салады. Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын жақсы көреді.
-
Лондон сахнасында Димаш Құдайберген Лара Фабианмен бірге ән шырқады
-
"Сұлусың, тезірек үйлен": Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әжей хат жазды
Желі қолданушылары да бүлдіршіннің өнерін шынайы бағалады.
"Димаштың көзіне түссе екен”, "Дауысы қандай әдемі, нағыз талант", "Продюсерлер қайдасыңдар?", "Димаш ағасы сияқты жүрекпен айтып тұр", "Кішкентай болса да қандай күрделі әнді айтып тұр", "Бағың жанып, биіктерді бағындыра бер", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Балқадиша" әнімен танылған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсеткен еді.

Алматы облысында жасөспірімдер неге зорлықпен қаза табуда: Жаға ұстатқан оқиғалар хроникасы
