Димаштың әніне биледі: Элизабет Тұрсынбаева Бурабайдағы мұз үстінде сырғанады

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ақмола облысындағы Бурабай курорты көлінде қатып қалған мұзда әдемі би биледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Элизабет Бурабайға алғаш рет барып, "уақытты пайдалы өткізгенін" атап өтті.

"Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің "Біл" әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты", - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Оның жанкүйерлері "таңғажайып көрініс", "ертегідегідей, өте әдемі" деген жағымды пікірлерді жарыса жазуда. Сондай-ақ олар Қазақстанда көптеген көркем жерлер бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде дүниеге келген. Бірақ ол жарыстарда Қазақстан, Қызылорда облысы атынан өнер көрсетеді.  2019 жылғы әлем чемпионаты мен Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр