Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)
Димаш «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр сахнасында «Ақтөбе – құтты мекен» гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Димаш кеште екі композиция орындады. Жанкүйерлері қытай тіліндегі плакаттар жазып алған. Олар өздерінің әншіге деген құрметін осылай білдірді.
“Сәлем” әнінен кейін әншінің тыңдармандары жан-жаққа кете бастады. Димаш осы кезде жанкүйерлеріне ағылшын тілінде сөйлеп өтініш етті. Оларға ағылшын тілінде алғыс айтты.
«Өзіме сахнадағы мәдениетіме кішкене ерік беріп жатқаныма айып етпеңіздер. Қазақта “Жылқы жылы болғаннан кейін бе, топты көрсем жарғым келіп тұрады” дейтін жақсы сөз бар. Сіздердің ықыластарыңызды, дауыстарыңызды асыға күттім, ағайын», – деді әнші концерт барысында.
Димаш Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да арнайы алғыс білдірді.
«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген. Менің ғана емес көптеген өнер майталмандарының емін-еркін самғауын үлкен септігін тигізіп жүрген Бердібек аға, сізге, алғыс айтамын», – деді Димаш.
Бұған дейін Димаштың 58 жастағы тыңдарманы әншіні Америкадан арнайы Астанаға іздеп келгенін хабарлаған едік.
Димаштың «Бастау» атты концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Тағы да оқыңыз:
Алматы-Қапшағай жолында қызмет етіп тұрған полицей қаза болды
Димаш даусының кереметтілігін тағы бір рет мойындатты (видео)
Димаштың 58 жастағы америкалық фанаты көлігінің нөміріне DIMASH деп жазып алған (фото)
Қызылордалық шеберлер «Экспо» көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды