Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

Димаш Құдайберген Қытайдың Weibo арнасына сұхбат берді. Ол Singer жобасы барысында қандай әндердің өзіне қиынға соққанын әңгімеледі. Сондай-ақ, жалқау жастардың қатарына кірмейтінін мәлімдеді.

димаш 180317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш қытай тілін меңгергісі келетінін жасырмады. Айтуынша, бұған дейінгі оның шығармашылық кезеңі бұл тілді талап етпесе, енді талап етуде.

“Біз бәріміз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Барша тыңдармандарыма рахмет айтқым келеді. Сіздердің алаңдауларыңызды көріп өзім қобалжып кеттім, қатты жүрекке қабылдап жатқандарыңыз… Сіздерге үлкен рахмет, осындай тыңдармандарым барда мен барынша тырысатын боламын”, – дейді Димаш.

Бұдан бөлек, Димаш жоба барысында қатты сырқаттанып қалғанын айтты.

“Адам болғаннан кейін суық тиеді. Тамағым ауырғаны рас. Байқау болатын күні таңертең тұрсам даусым әлі жоқ. Содан кейін бір тәулікте төрт рет екпе жасатуға тура келеді. Ол адамды емдеп жіберетін нәрсе емес, тек дауысты 10 сағатқа қалыпқа келтіретін дәрі болды”, – деп түсіндірді Димаш.

Назарларыңызға Димаштың Қытай арнасына берген сұхбатын ұсынамыз!

Айта кетейік, бүгін Singer-дің 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады. Димаш 10-кезеңде 3-орын алып, финалға жолдама алды.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың Селин Дионның әнін орындаған видеосы пайда болды (видео)

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

Жезқазғандық баланы көпшілік екінші Димаш деп атады (видео)

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Талқылау