Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа клипі шықты

Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-арнасында "Я скучаю по тебе" композициясына түсірілген бейнеклиптің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш желтоқсан айының басында НТВ телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасында "Я скучаю по тебе" әнін ұсынды. Бас кейіпкердің жалғыздық сезіміне толы композиция Игорь Крутой мен Игорь Николаевтың жұмысының нәтижесі.

Әншінің өзі бұл әнді ұзақ уақыт алыстап қалған сүйікті тыңдармандарына арнағанын атап өтті. Ал композиция - бұл орындаушының әр жанкүйеріне жеке жолдауы. Онда ол тыңдармандарын сағынғанын жеткізеді.

Видеоны ресейлік режиссер Евгений Курицын түсірген. Ол  "Я скучаю по тебе" дегенді естігенде, алдағы жұмыста басты кейіпкердің тәжірибесі мен эмоцияларына баса назар аударылатынын түсінген.

Бастапқыда клипті ашық кеңістікте түсіру жоспарланған. Алайда, желтоқсан күндері неғұрлым тез жақындаған сайын, бұл идеяға күмән туды. Евгений ауа-райын бақылай отырып, әнге тән атмосфераны толық жеткізу қиын болатынын түсінді. Сондықтан виртуалды өндіріс режимінде хромакейде (жасыл экранда) түсіру туралы шешім қабылданды.

Сонымен, клипте қаңырап қалған қала, теңіз жағалауы, көпір және басты кейіпкердің үйі пайда болды. Осы бос кеңістік кейіпкердің сүйіктісін қаншалықты сағынғанын барынша көрсетуі керек. Ал бойжеткен бейнежазбада көрінбейді - оны үйдің әртүрлі бөліктеріндегі суреттерден ғана көруге болады, бұл айырылысуды еске салады.

Евгений Курицын жұмыс өте оңай және үйлесімді болғанын атап өтті. Димаш клиптің тұжырымдамасымен танысып, екі-үш дубль жасап, түсірілім тобы қойылым бойынша жұмыс істей бастаған.

"Димаш өте шебер және өзіне өте талапшыл. Әр дубльді мұқият қарап, кейде бейнегекөбірек эмоция беру үшін түзетулер енгізді. Менің ойымша, ол қажетті атмосфераны өте жақсы жеткізді", - деп бөлісті режиссер.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Желтоқсан, 2020 09:24
Талқылау