Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары әншінің 400 мың доллар тұратын сағат тағатынын анықтаған

Танымал швейцариялық Jacob&Co қолсағаттарды құрастырушы, Astronomia жинақтамасына жататын қолсағатының бірін Димаш Құдайберген тағып жүргендігін мақтана айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Сағаттың құны 389 172 долларды құрайды екен. Бұл ақпаратты әншінің тыңдармандары анықтапты. 

Димаштың бұл сағаттарға қалай қол жеткізгені беймәлім. Нью-Йоркте өткізген концертінен Нұр-Сұлтанға қайта оралған соң әртіс журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартыпты. Ал оның әкесі болса өнерпаздың қашан үйленетіндігі жайлы ғана сөз қозғапты. 

Әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары Димашқа сағатты тыңдармандарының бірі сыйға тартқан деген пікірді алға тартыпты. 

Сағат қызғылт түсті алтыннан жасалған, оның бетінде ғаламшарларға ұқсатып гауһар тастар орнатылыпты. 

"Димаш қызғылт түсті алтынмен көмкерілген сирек сағаттардың бірін тағады. Astronomia-дағы Күн ғаламшарлардың ортасында орналастырып, ерекше құбылысты бейнелеп тұр. Бұл керемет сағат 389 172,00 тұрады", - деп жазылыпты суреттің астында. 

Желі қолданушыларынң бірі "Әлемнің ең үздік әншісі - ең үздік сағаттарға лайық" деп жазса, екіншісі "керемет сағат, керемет Димаш" деген жазба қалдырыпты.

 

 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Желтоқсан, 2019 16:39
Талқылау