Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа ұшты

Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшатын кеме ұшырылды. Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"30 шілде күні, шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады", - деп жазды Димаш Құдайберген.

 

Димаш Құдайберген атымен аталатын талонды әртүрлі елдер, АҚШ, Түркия, Ресей берген.

"Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рахмет. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді", - дейді ол.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр