Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны бір түнде 150 мың қаралым жинады (видео)
Димаш Құдайберген көптен күттірген бейнебаянымен қуантты. Әнші "Любовь уставших лебедей" атты әнге түсірілген клипін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Испания елінде түсірілген бейнебаянға украиналық Алан Бадоев режиссерлік еткен.
Туынды "Любовь уставших лебедей" - бір қанатты періштелер жайлы ескі аңыз желісіне құрылған. Бұл идеяға Алан Бадоевты ақын Михаил Гуцериевтің жыр жолдары шабыттандырған.
Айта кетейік, композицияның авторы - танымал ресейлік композитор - Игорь Крутой.
Кеше түнде жарияланған бейнебаянды осы уақытқа дейін 150 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге