"Қыз секілді, сондықтан үйленбей жүр": Қанат Айтбаев ұлы Димашты балағаттаған блогерді сотқа берді

Белгілі әнші Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайбергенге тіл тигізген қазақстандық блогер Берік Сәбитұлының үстінен арыз түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты блогер Берік Сәбитұлының өзі мәлімдеді.
Оқиғаның мән-жайы
Берік Сәбитұлы бұған дейін Tiktok-парақшасында әнші Димаш Құдайбергенге қатысты видео жариялаған еді. Онда блогер әлемге әйгілі әншісі қорлайтын сөздер айтады.
“Димаш Құдайберген деген қызға айтатыным. Димаш сені анаң қыз қылып туған, сен маған жауап бермедің, себебі сен қорқақсың. Сен менің тоқалым боласың. Сен үндемей жүре бер, көп құтырма. Тоқаевтың аяғын көп сүйме. Тыныш жүр. Өлең айтпа, саған өлең айтуға болмайды. Көп шыңғырма, сен алаяқтың, сені соттаймыз. Болмаса, менің тоқалым боласың”, – деді ол видеода.
Блогер бұл видеоны ақпанда жариялаған, ал бірнеше күн бұрын тағы бір жазба жариялап, әншінің әкесі өзін сотқа бергенін айтқан.
“Димаш Құдайберген деген алаяқтың әкесі және өзі мені сотқа беріпті, оңбағандар. Маған тікелей хабарласып, менімен сөйлессе мен ол видеоны алып тастауым мүмкін еді, бірақ ойланып көретін едім. Бірақ олар менімен сөйлескен жоқ, келісімге келмеді, себебі олар қорқақ. Бұл жігіттікке жатпайды. Димаш қыз секілді, сондықтан үйленбей жүр деп ойлаймын”, – деді ол.
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа уәде еткен темір тұлпарын сыйлады
Бір тәулікте 102 миллион қаралым: Димаш Құдайбергеннің шоуы рекорд орнатты
Айта кетейік, тиктокер Берік Сәбитұлы бұған дейін де Сәкен Майғазиев және тағы басқа өнер иелерін балағаттап, түрлі видеолар жариялаған.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген ТҮРКСОЙ-дың ең жоғары марапатына ие болғаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған