Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген: Жоғары дауысым үшін мені жиі мазақтайтын

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Привет, Андрей!" бағдарламасында бала кезінде оны жоғары даусы үшін мазаққа айналғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Россия 1" арнасына сілтеме жасап.  

Андрей Малахов жүргізетін бағдарламаның қонақтары болып "Жыл әні" мерекелік хабарының қатысушылары келіпті. Кеш қонағы ретінде көптен бері көрінбей жүрген Юрий Шатунов та қатысыпты. Бұған қоса бағдарламаға Лев Лещенко, Филипп Киркоров, Николай Басков, Димаш Құдайберген, Лера Кудрявцева сынды әншілері жиналыпты. 

Андрей Малахов Димашты кезінде әйгілі болған Юрий Шатуновпен салыстырды. 

Қазақстандық өнерпаз өз кезегінде жастайынан "Жыл әні" бағдарламасын көретіндігін, ондағы Юрий Шатуновтың ән шырқауына тәнті болғандығын айтты. Бұған қоса Димаш бала кезінде жоғары даусы үшін жиі мазақтын астында қалып жататындығын айтқан. Әнші осының салдарынан төменгі дауыста өлең айтқанын да жасырмады. 

"Менің ауладағы достарым "сен неге осы қыздардың дауысымен ән айтасын" деп келемеждейтін. Бірақ бізді ән сабағынан берген ұстаз сопраномен айтуды үйреткен. Ұлдар жыныма тиген соң, мен жуан дауыспен өлең айта бастадым", - дейді Димаш. 

Бағдарламада Димаш Алла Пугачеваның хитке айналған "Любовь, похожая на сон" әнін шырқаған көрінеді. 

"Мен бұл әнді ер азаматтың көзқарасымн айтқым келді. Әрине, Алла апамызға жету қайда", - деді жас өнерпаз. 

Киркоров оның өнерін жоғары бағалап, осы уақытқа дейін ерлер арасында айтылған нұсқалардың ең үздігі деп атады. 

Талқылау