Димаш Құдайберген, Төлен Әбдіков, Бахтиер Зайнутдинов: Тоқаев бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында еліміздің әр саласында жүрген бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ttfrk.kz
Жазушы Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова "Қазақстанның халық жазушысы" атағын иеленді.
Ал "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед Ахимов, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға және Опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді.
Сонымен қатар белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов "Отан" орденімен марапатталды.
Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды.