Димаш Құдайберген тыңдармандарын спорттық қырымен таң қалдырды
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген спорттық талантымен көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші Instagram-дағы парақшасында карантин кезінде доп теуіп, бала күнгі ермегін еске алған сәтін жариялады.
"100 рет тептім. Бала күнімізде күн сайын футбол ойнаушы едік. Қазір формамды жоғалтқаным байқалып тұр, сонда да доппен ойынға уақыт таптық", - деп жазды Димаш.
Жазбаның астына Димаштың жанкүйерлері тағданысын жасыра алмағанын жарыса жазды.
"Сіз барлық жағынан дарындысыз"
"Жігітке жеті өнері де аз"
"Димаш, сен кереметсің! Өз формаңызды жоғалтпаңыз, өйткені біз сіздің жеке концерттеріңіздің жалғасын күтеміз!", - деп жазды олар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн