AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Димаш Құдайберген тағы бір халықаралық байқауда қазылық етеді

Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін "Новая волна – 2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген "Новая волна – 2021" байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады.

Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті.

Қазақстан атынан байқауға "Mezzo" тобы қатысады.

2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.



Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

Топ 2012 жылы құрылған. Топтың продюсері – Әбдел Мұхтаров. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады.

Mezzo тобы Andrea Bocelli, IlDivo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra сияқты әртістердің репертуарындағы әндердің каверін, сондай-ақ өз әндерін әртүрлі тілде шырқап жүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр