Димаш Құдайберген Ресейдің айтулы премиясында екі бірдей номинацияға ие болды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің "Виктория" музыкалық премиясында бірден екі номинацияны ұтып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы dimashnews.com сайтында белгілі болды.
Жеңімпаздардың есімі желтоқсанның 5-і Мәскеуде өткен салттантты рәсімде Кремль сарайының сахнасында жарияланды.
Димаш Olimpico әнімен "Классикалық музыканың жыл вокалисі" номинациясында ең үздік деп танылды. Аталған номинация бойынша жерлесіміз Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмова, Анна Нетребко және Ольга Перетятко сынды ресейлік әншілерді басып озды.
"Виктория" - Ресейдің тұңғыш әрі бірегей премиясы. Мұнда жыл қортыныдысы бойынша ең үздік профессионалдар - музыкант, орындаушы, сазгер, ақын, музыка сыншысы, журналисттер таңдалады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”