Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген онлайн концерт өткізеді: Ән шашу кешін қайдан көруге болады

ҚР мәдениет және спорт министрлігі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің  Bastau live Show концертін онлайн өткізбекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

"Көрсетілім 13 мамыр күні сағат 20:00-де министрліктің YouTube арнасында өткізіледі", - делінген ресми хабарламада. 

Димаштан бөлек онлай ән шашу кешінде "Астана Операcының" солисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, ресейлік әнші Кристина Орбакайте, британдық әнші, композитор Софи Эллис-Бекстор, швециялық әнші, "Еуровидения-2012" лауреаты Лорин өнер көрсетеді. 

Айта кетерлік жайт, Bastau шоу-бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің ең алғашқы жеке концерті болды. Ол 2017 жылы елорданың "Астана Арена" залында дүркіреп өткен еді. 

 

 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2020 09:03
Талқылау