Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды

Димаш Құдайберген Олимпиаданың алтын жүлдегері Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйға тарттатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол олимпиада чемпионын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
“Құрметті ағайын не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Әнімді орындап мені де марқайттың!”, – деді Димаш.
"Маған деген құрметсіздік": Михаил Шайдоров өзін Ресей азаматы деп атағандарға жауап берді
"Ол бізге жол ашты": Шайдоров алған медалінің Денис Тен үшін де ерекше мәнге ие екенін айтты
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа ыстық ықыласын білдірген Димаш оған темір тұлпар сыйлайтынын айтты.
“Елге жетіп алайық, темір тұлпар табыстаймын. Бір темір тұлпар менің мойнымда”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түскені туралы жазған едік. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды. Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл оның жеке рекорды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты