"Бала күнімнен армандадым": Димаш Құдайберген Лара Фабианмен бір сахнада ән шырқады (видео)
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген франциялық әнші Лара Фабиан және ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллинамен бірге ән шырқады. Жұлдызды трио Игорь Крутойдың Мәскеуде өткен мерейтойлық кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншілер Ti amo cosi әнін орындап шықты. Көрермендер дарынды әншілердің өнеріне тәнті болып, оларды сахнадан жібергісі келмеді.
Димаш Құдайберген Лара Фабианмен алғаш рет ән шырқап тұр. Ол әйгілі әншімен бір сахнада өнер көрсетуді бала күнінен армандағанын айтты.
«Біз мұны тағы да қайталаймыз. Жарайды ма?» - деді Лара Фабиан сахна сыртында.
Өз кезегінде Димаш оң жауап беріп, Фабианды «аңыз әнші» деп атады.
Игорь Крутойдың мерейтойлық кеші 3 қарашада Мәскеудегі ВТБ Аренада өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"