"Бұл өмірде ең бастысы адамгершілігімізді жоғалтпауымыз қажет. Бұл дүниеге біріншіден біз әртіс, кино маманы немесе ұстаз болу үшін келмейміз, соны түсіну маңызды. «Карма» деген бар ғой. Басқа адамдарға не істесең, алдыңа сол келеді. Өз карьераңда да барлығы мінсіз болуы тиіс", - деді Димаш.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әні 2019 жылдың ең үздіктерінің қатарына кіргені айтылған еді.