Димаш Құдайберген әлем халқына OPPO-ның желідегі парақшасын танытты
2019 жылдың жазында Instagram-ның орыстілді қолданушылары әнші Леди Гаганың жазбасының астына мыңдаған пікір қалдырып, "гагачат" ұйымдастырды. Енді дәл осыған ұқсас жағдайды қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенмен көрдік . Отандық өнерпаз жұртты жайдан-жай шулатып отырған жоқ екенін ескерту қажет. Бұған қоса, оның жазбасының астына әлемнің түкпір-түкпіріндегі халық тек жағымды пікір қалдыруда.
Жақында @oppokz Instagram парақшасында компанияның жаңа бренд-амбассадоры лауазымын кім иеленді деген екі жазба жарияланған еді. Ал жазбадағы суретте жас жігіттің сұлбасы анық байқалады. Желі қолданушылары суреттегі жігіттің Димаш Құдайберген екенін бірден таныды. Ал одан кейін жазба әлеуметтік желіде тез тарап, астына Димаштың әртүрлі мемлекеттердегі тыңдармандары жүздеген пікір жазып жатты.
Мұның "гагачаттан" айырмашылығын да айтып өткен жөн. Димаштың өнерін сүйер қауым, жағымды пікірлер қалдырып, ұйымды ұтымды келісімшарт жасауымен құттықтады. OPPO - әлемдегі ең ірі смартфон өндірушілердің бірі, ал Қазақстанда екінші орынға табан тіреген ол жақын арада үздіктердің көшін бастауға ниетті. Бұған жаңадан тағайындалған бренд-амбассадордың тигізер септігі мол.
Димаш туралы пікір қалдырғандардың арасында әртүрлі мемлекеттердегі оның фан-клубтары болды, атап айтсақ: Ресей, Қытай, Эстония, Латвия, Украина, Польша, Германия, Бразилия, Чили, Аргентина, Испания және т.б. Олар Димашты танымай қалу мүмкін емес екенін жарыса жазуда. Сонымен қатар, әншінің тыңдармандары жазбаға себепші болған OPPO Reno4 смартфондарының жаңа сериясының тұсаукесерін асыға күтетіндерін де жеткізді. Тіпті, кейбіреулері, OPPO смартфондарын сатып алатындарын қосыпты. Сондай-ақ, іс-шара онлайн түрде өтетіні және оған Димаштың өзі қатысатыны да белгілі болған. Брендтің жаңа амбассадоры әрі жаңа смартфонның қолданушысы – Димаш тұсаукесер барысында гаджеттің артықшылықтары мен ыңғайлылығы жайлы сөз етпек.
Айта кетейік, Димаштың тыңдармандары мен басқа да қонақтар іс-шара барысында әншіні көріп қана қоймай, ұтыс ойынына қатыса алады. Ал ұтысқа қойылатын зат – Димаштың қолтаңбасы бар су жаңа OPPO смартфоны. Жаңа құрылғы тікелей эфир барысында ойнатылады, ал оны ұту мүмкіндігін әрбір қатысушы ие бола алады.
OPPO Reno4 сериясының онлайн-

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
