Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Димаш Құдайбергенов өзіне келіп түскен ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Ол екі ел арасында ресми елші болудан бас тартты. Десе де, арадағы мәдени, шығармашылық байланысты нығайтуға барынша атсалысатынын айтты.

18808848_1211374778972476_397423421366992896_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Күні кеше отандасымыз Қытайда өткен «I am Singer» байқауында екінші орынды иеленді. Аталған байқау барысында Димаштың тыңдармандарының саны еселеп артты. Оны әлем танып, талантына тәнті болды. Елімізде мұндай танымалдылыққа ие болған жұлдыздар «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, саяси шараларға жиі атсалысып отырады. Алайда әнші екі ел арасындағы ресми елші болудан бас тартты. Мұны саяси білімінің төмендігімен түсіндірді.

«Мен бұл қызметті алуға ұмтылып жүрген жоқпын. Бар болғаны әртіспін. Менің саяси білімім терең емес. Сол себепті, арадағы шығармашылық байланысты өнеріммен нығайтатын боламын», – дейді Димаш Құдайбергенов.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов: Альбомымның қай тілде болатынын шеше алмай жүрмін

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі- үлкен, санасы-баланікі

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау