Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты атанды.
Бұл туралы оның ата-анасы желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды! Құтты болсын, тілеулес ағайын!” – деп жазады Қанат және Света Айтбаевтар.
Қор мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы сыйлыққа 127 адам ұсынылған. Байқау комиссиясы ақырында 18 адамды іріктеп алған. Олардың қатарында Қытайды аузына қаратқан қазақ әншісі Димаш Құдайберген де бар.
Еске сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 20.05-те Димаш қатысып жатқан I am a Singer байқауының 7-кезеңі өтеді. Онда Димаш қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындайды. Бұған дейін Димаштың бұл кезеңде үздік үштіктің қатарынан табылғанын жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды
Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды
“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)