Димаш Құдайберген Қытайда өтетін ән байқауында қазылар алқасының мүшесі болды
Ерекше даусымен әрі дарынымен әлемге әйгілі қазақтың біртуар әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өтетін ән байқауына қатысты. Алайда бұл жолы әнші ретінде емес, қазылар алқасының мүшесі ретінде. Ол ән байқауына қатысушылардың өнерін бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, әнші «Супер дауыс» байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған.
«Хунан ТВ арнасының «Супер дауыс» жаңа үлкен жобасының ақтық кезеңін түсіруге жиналудамыз. Онда білімді вокал шеберлері бақ сынап жатыр. Мен қазылар алқасының құрамындамын», – деп жазды Димаш Instagram желісінде.
Айта кетсек, бұған дейін Димаш туралы сұрақ Түркияның “Миллион кімге бұйырады” ойынына кіргенін хабарлаған едік.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”