Димаш коронавируспен күреске ән арнады

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавируспен күресуге арнап ән шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

Димаштың "We Are One" жаңа композициясына клип "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синьхуа Новости | Xinhua News" парақшасында пайда болды. Кадрлардан дәрігерлер, еріктілер, гуманитарлық көмек, дүкендердегі бос сөрелер, бетперде киген адамдар, пандемияға ұласқан коронавирустың алғашқы ошағы болған Қытайдың Ухань қаласын көруге болады.

Клип оптимистік түрде аяқталады: дәрігерлер қуанып, жер бетін тұмшалаған бұлттар тарайды, ал балалар маскасыз бақытты болып күліп жүреді.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресетін қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қорқынышты ауруға қарсы күресу, бір-біріне осы қиын-қыстау кездерде көмектесу арқылы ғана COVID-19-ды жеңуге болады. Бұл ән эпидемиямен күрестің басты майданында жүрген дәрігерлерге және оқшауланған адамдарға арналған", - делінген роликтегі жазбада. 

"We Are One" композициясының авторлары - Gao Shang/Shang Yang (сөзі) және Dong Nan/Tang Yi (әні). 

Айта кетейік, жаңа әні туралы Димаштың өзі хабарламады. Соған қарамастан, оның жанкүйерлері бейнеклипті белсенді талқылап жатыр.

"Қайғы туралы, қиындықтар туралы, сонымен қатар, бір-бірімізге көмектесетін болсақ, барлығын бірге еңсереміз деген сенім туралы ән. Ал ең бастысы, біз жеңеміз деген сенім мен үмітті жоғалтпауымыз керек...", - деп жазды "ВКонтакте " Димашының жанкүйері Полина Полинская.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр