Димаш әлем елдері жұлдыздары қатысатын Канн фестивалінде ән айтады
70-Канн кинофестивалінде “Қазақстан ұлттық павильоны” ашылмақ. Павильонның ашылуында танымал әнші Димаш Құдайберген ән орындайды.
Қазақстан киноиндустрия өнімдері Каннда алғаш рет таныстырылады, деді Қазақстанның мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
“Алғаш рет Канн кинфестивалінің аясында Қазақстан павильонын ашамыз. Барлық ірі фестивалдерде белгілі бір елдің киноиндустриясының толық бейнесін көрсететін кинобазар өткізіледі. Бұл іс-шараның бізге келер пайдасы мол деп ойлаймын, өйткені бұл фестивалге әлемнің түпкір-түпкірінен киноинудстрия өкілдері жиналады”, — деді мәдениет министрі.
19 мамыр күні павильонның ашылуына орай ресми қабылдау мен концерт өкізіледі, оған қазақстандық жұлдыздар ат салыспақ, олардың арасында скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен әнші Димаш Құдайберген бар. Қазақстан павильонына Канн қаласының мэрі келеді деп жоспарланып отыр. Павильон 17-28 мамыр аралығында жұмыс істейді.
Тағы да оқыңыз:
Димаш туралы сұрақтар ҰБТ-ға енгізілмек
Шетелдік тыңдармандары енді Димаштың қарындасы мен інісіне сыйлықтар жіберуде
Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім