Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Астанада өтетін концертінде Лара Фабианмен дуэт орындайды

Әнші ұлының қуанышты жаңалығын бөлісті. Жуырда өтетін концертінде Димаш әлемдік деңгейдегі әншімен дуэт орындауы мүмкін. Мұнымен қатар, Қанат Айтбаев ұлының не себепті тойларда ән айтпайтынын түсіндірді.

18382039_168806596982058_3247367851304026112_n

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

Қанат Айтбаев ұлының не себепті тойға шықпайтынын түсіндірді. Айтуынша, ол мұны жатсынбайды. Тек мүмкіндігі болмай жүр екен.

«Тойға шыққанды сөкет көру дұрыс емес. Қазақтың сал-серілері тойларға барып жүрді. Тойдың көркі болып жүрген азаматтарымыз көп. Жастау кезімізде біз де әдемі тойлардың құрметті қонағы болуға тырыстық. Қазір уақыт та, мүмкіндік те жоқ. Оның үстіне жастармен жағаласқан да дұрыс емес. Димаш тойға барып емес, үлкен кәсіби сахнада, жақсы өнер додаларында, әдемі кәсіби концерттерде өнер көрсетсе екен дейміз. Оның өзінің ойы да осындай», – дейді Қанат Айтбаев.

Мұнымен қатар, әнші ұлының жаңалығын бөлісті. Алдағы Астана қаласында өтетін концертіне Лара Фабиан келуі мүмкін екен.

«Ол – жастық амбиция. Негізі дұрыс. Алдыға мақсат қою керек… Алдағы уақытта Лара Фабианмен дуэт айту жоспарда бар. Ол кісімен байланысқа шықтық. Димашқа жақсы тілектерін білдірді. Риза болып отырмыз. Маусым айында Димаштың концертін өткізуді жоспарлап отырмыз. Соған дайындалып жатыр. Амандық болса, ол кісі келетін шығар деген үміттеміз. Десе де, барлығы Алланың қолында ғой. Денсаулық дұрыс болып, ұшақтар уақытында ұшып тұрса болғаны. Димаш тойдың деңгейін сөкет көріп отырған жоқ. Тек оның баруға мүмкіндігі болмай жатыр», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншегі Асхат Тарғынға неке жүзігін тақпауға рұқсат берген

Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)

Қайрат Нұртасты полиция “ұстап алды”

Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ

Талқылау