Димаш Астанада болып жатқан жанды дауыстағы концертінде жиналғандарға жан сырын ашты
Димаш Құдайберген тұңғыш рет Астанада өзінің жеке концертін беріп жатыр. Әнші бұл кешке соңғы екі айдан бері күні-түні тынбай дайындалды,-деп жазды Stan.kz.
Димаштың әкесінің айтуынша әнші өмір бойы армандаған кешіне соңғы күндері тек 3-4 сағат қана ұйықтап дайындалған. Ол бишілермен, музыкант тағы да басқа концертке қажетті дүниелердің барлығын сапалы орындау үшін жіті дайындалған.
Астанадағы спорт кешеніне әншінің дүние жүзіндегі жанкүйерлері мен тыңдармандары жиналды. Олардың арасында қарапайым қазақстандықтардан бастап өнерде есімі белгілі азаматтар жиналған.
“Бүгін менің арманым орындалды. Мен осы күнді ұзақ күттім. Жылқы жылы туғандықтан болар, үнемі топ жарғым келіп тұрады. Концертті қарапайым, көрерменнің көңілінен шығатындай етіп өткізгім келеді.Әрине ұялмай, тартынбай еркін”,-деді әншінің өзі.
Ал концерті министр Арыстанбек Мұхаммедиұлы ашып берді.
“Димаш өте тәрбиелі жігіт. Ол өте қарапайым әрі жұртқа жақсылық ойлап тұратын ашық адам. Ол ата-әжесінің жақсы тәрбиесін алған. Үнемі сол кісілерге алғысын айтып жүреді. Концертті “Вастау” деп атауымыздың себебі де бар. Ол атауды әншінің өзі ұсынды. Ол өнерінің бастамасы болсын деген ниетпен қойылды”,-деді Арыстанбек Мұхаммедиұлы.
Оқи отырыңыздар:
Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды
Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты
Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты
Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады