Димаш америкалық сайтта жүргізілген сауалнаманың ешқандай маңызы жоқ екенін айтты

Димаш Құдайберген ғаламторда жүрген ғаламшардың үздік әншісі сауалнамасына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аталған сауалнаманың ешқандай маңызы жоқ екенін айта келе, өзі үшін алаңдап, дауыс берген жанкүйерлеріне ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген

“Құрметті достар. Бір америкалық сайтта сауалнама жүргізіліп, менің есімім аталғанын естідім. Бірақ бір сауалнаманың ешқандай да бір байқауға, телевизиялық жобаларға немесе сыйлыққа қатысы жоқ. Бұл жай ғана ғаламторда жүрген сауалнама, ол ештеңе шешпейді. Барлық жерде маған және Қазақ халқына деген махаббаттарыңызды көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғысым шексіз. Шығармашылығымның осындай адал бағалаушылары бар екені мен үшін үлкен құрмет. Мен сіздердің фанаттарыңызбын. Қазақстанға келіңіздер. Сіздерді жақсы көремін”, – деп жазды Димаш желіде.

Айта кетейік, америкалық Ranker рейтингтер сайтында барлық кезеңдердің ең үздік әншісі сауалнамасы жүргізілген еді. Аталған рейтингке отандасымыз Димаш Құдайбергеннің де есімі кірді. Ол майкл Джексон, Фреди Меркьюри, Элтон Джон сынды әлемге әйгілі өнер иелерімен “таласқа түсті”. Екінші орынға дейін көтерілген Димаш ақыр соңында “дизлайктардың” кесірінен 369-шы орынға бір-ақ түсті. Фанаттар сауалнаманың әділетті жүргізілгеніне күмән келтірген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Димаш ішпейді әрі шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесін қорғады

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген
Çàãðóçêà...