Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 5 жасында пианино тартқан сәтін жариялап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Осыдан тура бір жыл бұрын әнші Димаш Құдайберген Қытайда “I am a Singer” жобасына қатысып жатты. Отандасымыз дәл осы шетелдік шоу арқылы танымал боп шыға келді. Қытай көрермендері Димаш десе ішкен асын жерге қоятындай халге жетті. Тіпті, әлі күнге дейін солай, деп жазады Stan.kz.

Singer жобасының басталғанына 1 жыл толуына орай Димаш фанаттарына тосынсый жасады. Ол 5 жасында синтезаторда ойнаған эксклюзивті видеосын жариялады.

“I am a singer” жобасына қатысқанымның мәртебесіне орай, Dears, сіздермен мына эксклюзивті видеомен бөліскім келеді. Менің жасым 5-те. Әкемнің мерейтойы”, – деп жазды Димаш.

Жанкүйерлер армиясы Димашқа алғысын жаудырды.

“2017-жыл 21-қаңтар, Бейжің уақыты сағат 22:30 өткенде біз өзіңмен “мен әншімін” жобасында алғаш рет таныстық. Сенің сол тағдыр сыйлаған күміс көмейің және оған қосылған келбетті бет бейнең бізді қатты баурап әкетті. Содан бастап сен біздің өмірімізге бақыт қүсы іспетті ұшып келіп қуаныштарды бақытты шуақтарды сыйладың. Бір жыл өте шықты, бұгін дәл 365 күн болды, сен бізге сыйлаған қызықты, ұмытылмас кұндер санауға келмес! Көп шаршадың, көп көп рахмет саған Димаш. Thank you so much.
Асқақ белестер әлі алдымызда жатыр, Dears сенің осы арман жолыңда өзіңмен мәңгі бірге. Бұл бәрімізге ортақ уәде, саған қатты сенеміз, Dimash&Dears: ең әдемі жастық шақта саған жолыққан біз не деген бақытты жандармыз, болашақ тіпті нұрлы болады әрине, сегіз қырлы бір сырлы, сері жігіт Димаш, алға, сені мәңгі сүйеміз”, – деп ризашылығын білдірді тыңдарманның бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі ұн сатып жүр

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

Ерке Есмахан мен Әли Байжұматтың арасында не бар? (фото)

Димаш Құдайберген “Грэмми” сыйлығының иегерімен бірге ән жазып жатыр

Талқылау