Ділназ Ахмадиева сахнаға шықпас бұрын ішімдік ішіп темекі шегетінін мойындады
Ділназ Ахмадиева сахнаға шықпас бұрын алкогольді ішімдік ішіп тұратынын мойындады. Мұндай қадамға әнші көңіл-күйін көтеру үшін баратын көрінеді.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
“Ішімдік көңіл-күйді көтереді. Сахнада өнер көрсетпес бұрын көңіліңді көтеру үшін алкоголь ішуге болады. Бірақ орнымен. Өйткені көп ішіп қойсаң, көрермендердің көңіл-күйі құртылады. Аз мөлшерде ішімдік ішкен жақсы. Көп мөлшерде ішсең ол күйзеліске душар етеді”, – деген әнші бір кездері ауыр депрессияны бастан өткергенін мойындады. Сол кезде алкоголь өнімдерін көп мөлшерде тұтынғанын да жасырмады.
“Өзімді жұлдыз санап кеткен сәттерім болды. Әкем бөлек, анам бөлек, мен бөлек тұрамын дедім. Отырыстар, көңілді кештер көбейіп кетті. Алайда күндердің күнінде өзіңді жаман сезінесің. Мұның күн сайын қайталана бермеуі керектігін түсінесің. Қысқасы көп ішуге болмайтынын түсіндім”, – деп атап өтті Ахмадиева.
Әнші ара-тұра темекі шегетінін де жасырмады.
Бағдарлама барысында телекөрермендердің бірі әншіден президентпен кездесуге не себепті іш киімсіз келгенін сұрады. Ахмадиева бұл жайтты жоққа шығарды.
“Жұрттың бәрі осы сауалды қояды. Алайда шындығында ол жалған. Бұл танымал дизайнердің қолынан шыққан, көйлектің өзі сондай. Шыны керек, оған дейін аталған көйлекті он шақты рет киген шығармын. Ол кезде ешкім байқамады. Президентті алдында ән салып едім, жұрттың бәрі, бұл сөз үшін кешірім өтінемін, “емшегі көрініп тұр” деп сынап тастады. Ол менің дене мүшем емес, көйлектің бір бөлігі”, – деп түйіндеді әнші.
Айта кетейік, дәл осы бағдарламада Ахмадиева алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
КешYOU тобына «Айгөлекті» жүргізген Назым келуі мүмкін
Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді
Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды