Ділназ Ахмадиева өзінің кешіне құны 1 мың доллар тұратын көйлек киді
Таяуда барша ғашықтарға арнаған бейнебаянын ұсынған Ділназ Ахмадиева арнайы кеш ұйымдастырып, шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосты. Бұл кешке әнші тыңғылықты дайындалды. Құны 1 мың доллар тұратын көйлегін киіп келді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Мен бұл әнімді барлық сүйетін және сүйікті жандарға, сол бір жалғыз адамын кездестіріп үлгерген адамдарға арнаймын. Өзгелерге махаббат алауын жіберу арқылы мен де өзімнің ең сүйікті адамымды табамын деп үміттенемін”, – деген Ділназ көпшілікті таңғалдырды.
Себебі соңғы уақыттары әнші желідегі парақшасына салған суреттеріне “сүйемін және мені сүйеді” деп жазба қалдырады. Соған қарап көпшілік әнші екінші жартысын кездестірген деп топшылайды. Одан бөлек, жуырда жүктелген суреттердің бірінде жұрт әншінің саусағынан неке сақинасын байқап қалған. Десе де Ахмадиева “жалғызымды әлі кездестірмедім” деп отыр.
“Иә, мен сүйемін және мені сүйеді. Бірақ бұл дегеніңіз үнемі менің қасымда жүретін белгілі бір адамның болуы шарт деген сөз емес”, – деп түйіндеді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайберген “Adagio” әнімен алтыншы кезеңде жеңіске жетті
Тәуекел Мүсілім Жанармен сезімге ерік бергендіктен сүйіскенін айтты
Тәуекел Мүсілім әкесінің қылмыс әлеміндегі “белді” тұлға болғанын мойындады
Баян Есентаева өзіне тап берген бойжеткен туралы айтып берді