Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева: Маңдайыма жазылған сүйіктімді күтіп жүрмін

Жуырда Ділназ Ахмадиева “Ең сүйікті адамым” атты әнін тыңдармандарына ұсынды. Әнші бұл әнді бақытын тапқан жандарға арнағанын айтып жатыр. Мұнымен қатар, ол маңдайына жазылған адамды күтіп жүргенін тілге тиек етті.

16790214_260450491061232_1935069872803282944_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Халыққа жақын болғандықтан, осы әнге бейнебаян түсіруді жөн көрдім. Ол есте тез сақталады әрі түсіну де қиын емес. Ән көңілді ноталарға толы. Алдағы уақытта көктем айының келе жатқанын еске түсіреді. Махаббат қашан да бар. Әдетте маған мұңды өлеңдерді айтқан жарасады. Алайда бұл жолы өзімді басқа қырынан көрсетуге тырыстым. Бұл ән өз бақытын тапқан қыздардың көңілінен шығады деген үміттемін”, – дейді Ділназ Ахмадиева.

Бейнебаяндағы әдемі махаббат желісі әншінің өмірімен үйлесім таппапты. Шындыққа сай келмейді. Себебі, қазір Ахмадиеваның жеке өмірінде құлақ құрған танадай тыныштық орнаған. “Маңдайыма жазылған адамды кездестіремін деген үміттемін. Басқалар секілді мен де оны күтіп жүрмін. Бірақ өзгелері оны менен қаттырақ күтіп жатқандай көрінеді”, – дейді әнші.

“Ең сүйікті адамым” деп аталатын жаңа әнінде Ахмадиева ханым жүрегін сыздатқан сезімін бейнебаяндағы сүйіктісінің рөлін сомдап жүрген досына арнайды. Ал өз бақытын әзірге кездестіре қоймаған Ділназ “Бар махаббатымды тек бір ғана ер азаматқа арнаймын деп айтып қалды.

“Менің ең жақын адамым – әкем. Егер ер азаматтар туралы айтатын болсақ. Ал әйелдер арасынан анам жақын. Менің жүрегім бос. Бұл туралы көптен бері айтып жүрмін. Бар болғаны ақпарат тыңдар құлаққа жетпей қалып жатыр. Жеке өмірімді емес, шығармашылығымды көбірек бақылауға кеңес беремін. Тек содан ғана қанағаттана аласыздар деген ойдамын. Өмірімде қандай да бір қуаныш болса, ол туралы сіздерге бірінші болып айтамын. Сол себепті артық сұрақ қоюдың қажеті жоқ. Бар болғаны адамның өмірін бақылаңыздар”, – дейді Ділназ Ахмадиева.


Жіберіп алмаңыз:

Рано Омарова жиі сәбиін тастап қыдыруының себебін түсіндірді

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

 Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді

Талқылау