Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева алғаш рет жүктілігі туралы өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Гәкку» арнасына сілтеме жасап. 

ДильназСурет: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

«Көптен бері жүкті болғым келіп жүрді. Мұның барлығын әрі қарай жасырып жүру қиын болды. Оның үстіне мен жасырған жоқпын. Бар болғаны бұл туралы бәріне бірдей айтпадым», - деді ол.  


Тағы оқыңыз


Сондай-ақ, өзіне қолдау білдергендерге алғыс айтты.

«Барлығына үлкен рахмет. Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткендей», - деп күлді әнші. 

Сәбиі шамамен көктемде дүниеге келеді. Алайда әнші оның жынысын анықтай алмағанын айтады.

 

STAN.KZ
Сенбі, 07 Желтоқсан, 2019 17:28
Талқылау