“Дикий Арманды” қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзарды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзартылып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді”, – делінген ақпаратта.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев былтырғы жылы қаңтардың 7-сі күні ұсталған еді. Содан бері тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.
Талқылау