Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді

Тергеушілер Арман Жұмагелдиев пен экс-депутат Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Арман мен Қайрат

Жұмагелдиев пен Құдайберген Қаңтар оқиғасы кещінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деп айыпталған. Олардан бөлек сот алдында тағы 40 адам жауап береді. Ал істі судья Асхат Әшірбеков қарайды. 

"Іс сотқа келіп түсті, қазір тіркеу кезеңінде. Істі қарау уақыты белгіленбеді", – деп жауап берген қалалық соттың баспасөз қызметі. 

ІІМ мәліметінше, Арман Жұмагелдиев 2021 жылдың желтоқсанында шетелден келіп, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болған. Оның қылмыстық тобын 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұстаған. Күдіктілерден төрт жартылайавтоматты тапанша мен оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленген. 

Ал Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған еді. Құдайберген жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасына сәйкес Жұмагелдиевпен бірге "Қазақстан" қонақ үйінде жиын ұйымдастырған. 

Талқылау