Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог жоғары қан қысымымен күресетін тағамдарды атады

Американдық диетолог Грейс Дерача жоғары қан қысымымен күресуге көмектесетін тағамдарды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eat This, Not That! басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшы гүлтәжі (амарант) ботқасымен таңғы ас ішуді ұсынады. Жаңғақ дәмі бар өсімдік қоректік заттарға толы көрінеді. 

"Бір стақан қайнатылған гүлтәжі магнийге деген күнделікті қажеттіліктің 30 пайызын қанағаттандырады. Зерттеулер көрсеткендей, магний қан тамырларын босаңсытады", — деп түсіндіреді Дерача.

Диетологтың айтуынша, гүлтәжінде кездесетін жасұнық (клетчатка) ағзадағы қабыну процестерінің баяулауына ықпал етеді. Тиісінше, қан қысымына да оң әсер етпек. 

Қан қысымның төмендеуіне әкелетін тағы бір зат — калий. Ол банандарда6 сондай-ақ бұршақ пен жасымықта бай. Бұнымен қоса олардың құрамында магний де бар. Дерачидің айтуы бойынша, әсіресе жапырақтары тек калий мен магнийден ғана емес, сонымен қатар гипертензияның дамуына жол бермейтін кальцийден тұратын қызылшаның бір түрі мангольд де пайдалы. 


Талқылау