Диетолог тәуелділік тудыратын тағамдарды атады
Диетолог Елена Соломатина тәтті газдалған сусын сияқты фастфудтың да адамда тәуелділік тудыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: news.ru
Соломатинаның айтуынша, тәтті сусын, чипсы, фастфуд, кондитерлік өнімдер мен ысталған шұжық рахат гормондарының түзілуін ынталандырады. Өйткені олардың құрамында тұз, дәм күшейткіш натрий глюконаты, крахмал және қант бар.
"Шын мәнінде адам оны одан сайын қалайтындай күйге түсіретін жеңіл есірткі әсері бар. Газды сусын асқазанды тітіркендіріп, қанға еніп, адамға бірден қуат береді", - деді Соломатина.
Ол қанттың ағзаға тез әсер ететінін, 20 минут ішінде глюкоза деңгейін арттыратынын айтты.
"Cуда ерітілген қант одан да жылдам әрекет етеді. Көтеріңкі көңіл-күйді кейбір табиғи өнімдерден, әсіресе ірімшік пен қызыл шараптан да сезінуге болады", - деді психолог.
Талқылау