Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог мидың жұмысын жақсартатын өнімдерді атады

Ресейлік диетологтар мен тамақтану қауымдастығының мүшесі нутрициолог Дарья Русакова миға пайдалы бірқатар тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru сайтына сілтеме жасап.

балык

Сурет: Pixabay

“Мидың қызметін жақсарту үшін балық, жеміс-жидек, көкөністер, күрделі көмірсулар, жаңғақтар жеу керек, сонымен қатар кофе мен шай, ең бастысы су ішу керек, - дейді ресейлік диетолог.

Оның айтуынша, миға омега-3 және омега-6 қажет. Олар теңіз өнімдерінде, соның ішінде ақсерке, скумбрия, сардина, майшабақ сияқты майлы балықтарда кездеседі. Сонымен қатар, Олар  зәйтүн және зығыр майлары мен жаңғақ, күнжіт, бұршақ омегаға бай.

 



Нутрициолог маман жеміс-жидектерді де ұсынып, қара бүлдірген, көкжидек және шиенің құрамында флавоноидтар бар екенін атады. Флавоноидтар мидың қартаю процесін баяулатады. Сондай-ақ жемістерде жасушаларды токсиндерден қорғайтын антиоксиданттар бар.

“Көмірсуларды назардан тыс қалдырмау керек, өйткені миға энергия керек. Көмірсулар мидың көңіл-күй мен танымдық функцияларын реттеуде маңызды рөл атқаратын серотониннің бөлінуіне көмектеседі” – дейді Русакова.

Маман дәнді дақылдар мен бұршақтарды жеуге кеңес берді.

Талқылау