Диетолог қартаюды баяулататын кептірілген жемісті атады
Диетолог Елена Соломатина кей ферменттелген жидектердің қартаюды баялатуда көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Москва 24" басылымына берген сұхбатында диетолог кептірілген қара жүзімнің құрамында жүрек, жүйке жүйесі мен ағзаға пайдалы антиоксиданттардың көп екенін айтты.
"Жүзім полифенолға бай, ол – қартаюды баяулатып, жүрек-қан тамыры жүйесін жақсартып, жүйке жүйесіне де оң әсерін тигізетін антиоксидант", – дейді ол.
Сонымен қатар кептірілген жемістер құрамында калий мен магний көп болады екен.
"Калий жүрек бұлшық етінің, қан айналымы жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіріп, ағзадан артық сұйықтарды шығарады. Магний қан қысымын түсіріп, сүйекке пайдалы", – деп толықтырды Соломатина.
Маман қан диабеті бар адамдарға кептірілген жүзімге болмайтынын ескертті. Себебі оның құрамында қант көп мөлшерде болады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн