Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог анар жемісінің емдік қасиеттерін атады

Анар иммундық жүйені нығайтады, қабынуға қарсы және ісікке қарсы әсері бар, қан тамырларының жағдайын жақсартады және деменцияның ерте дамуына жол бермейді. Жемістің пайдалы қасиеттерін Sputnik радиосына берген сұхбатында диетолог Елена Соломатина айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жеміс қабынуға қарсы тиімді күресетін антиоксиданттар мен қышқылдарға бай. Сондай-ақ, анар жүрек-тамыр жүйесі жасушаларының бұзылуына жол бермейді, оның жағдайын жақсартуға және жүрек талмасының алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл қандағы холестеринді төмендетіп, деменцияның ерте дамуына жол бермейді. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, анар жемісі, әсіресе, сүт безі қатерлі ісігіне қарсы әсерге ие.

Соломатина қажетті әсер алу үшін анарды күн сайын тұтыну керектігін, бірақ жемісті төрт бөлікке бөліп немесе 30 грамм анар шырыны жеткілікті екенін атап өтті.

Диетолог анарды көп жеуге болмайтынын айтты. Сөзінше, анар тіс эмальына теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан шырынды сумен сұйылтқан немесе түтік арқылы ішіп, содан кейін ауызды шайған дұрыс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр