AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық диетолог ауызашар кезінде көп адам жіберетін қателіктерді атады

Мұсылмандар үшін ең маңызды және құрметті ай Рамазанның басталғанына 11 күн болды. Ораза ұстау ережелерін бәрі білсе де, медицина тұрғысынан тамақтанудың дұрыс жолын көбі біле бермейді. Диетолог ауызашардан соң 40 минут көлемінде асқазан тынығу қажет дейді.Ораза кезінде қалай дұрыс тамақтану керектігі мен иммунитетті төмендетіп алмау жолы туралы қазақстандық диетолог Арай Әміре айтып берді.

Арай Әміре, жеке архивтен

Қазақстандық диетолог Арай Әміре көктемде адам ағзасында дәрумен тапшылығы болады дейді. Сондықтан көктем уақытына келген оразада дұрыс тамақтану өте маңызды екенін алға тартады.

“Қыста, әдетте, адамдар тамақ көп жеп, көктемге қарай арықтағысы келеді. Оның ішінде моно диетаға отырады. Бұл – бір ғана тағамнан тұратын (күріш, қарақұмық және т.б.) тамақтану әдеті. Соның әсерінен ағза әлсіреп авитаминоз пайда болады. Бұл – дәрумендер жетіспейтін ұзақ уақыт тамақтанбау нәтижесінде пайда болатын ауру”, – дейді ол. 

Айтуынша, осындай кезеңде дәруменді қабылдау орынды алайда препараттардың бір-бірімен үйлесімділігіне мән беру қажет.

“Көбі қыс бойы Д дәруменін оңды-солды ішеді. Ал қазір күн жылынған соң ағза оны күннен алады. Сондықтан оны қолдануды тоқтатып қоямыз. Ал көктемде алма, банан, мерзімдік көкнестерге, жасыл өсімдіктерге басымдық береміз. 

Жасыл алма, асжапырақ (шпинат), киви болуы керек. Қазір бұл жемістерді кез келген жерден табуға болады. Осыларды араластырып, күніне үш уақыт ішсек, оның құрамында темір сияқты маңызды дәрумендер бар. Ақ ет, қызыл ет балғын ет тағамдарын қолдануға болады”, – дейді маман.

Ауызашарда қалай тамақтану керек?

Диетолог ауызашар кезінде көбінің жіберетін қателіктерін атады. 

“Көктем, не болмаса жаз айлары болмасын ауыз ашқан адам, әдетте, ең алдымен бөлме температурасы деңгейінде су ішеді. Осындайда артынан ыстығырақ су ішу қажет. Бас салып бірден ыстық тамақ ішуге болмайды Бір күн бойы ашығу барысында ағзаға жиналған улы токсиндердің барлығын шығару үшін ыстық су ішеміз. Одан кейін жарты сағат, шамамен 40 минут көлемінде асқазан тынығуы қажет. Яғни, ешқандай тағам, суды тұтынбаймыз. Бұл уақытта намаз оқып, не болмаса серуендеп жүріп қайтуға болады. Қателік осы жерде.

Белгіленген уақыт өткен соң, балғын жеміс-жидектерді, сондай-ақ салаттарды тұтынған дұрыс болады. Содан кейін ғана барып ыстық тағамға көшуге болады. Ораза кезінде күні бойы ашығу болған соң, тамақ ішер кезде тамақ көлемі екі алақаннан аспау керек.

Сағат 11-лерде өзіңіз қалаған тағамды тұтынуға болады. Ауыз ашқан соң бірден тойып тамақ ішу, сондай-ақ таңертең сәресіне тұрмай, не болмаса тек қана су ішіп ауыз бекіту өз кезегінде ағзаға зиянын тигізеді. Себебі бұл жерде интервалды ашығу процесі жүреді”, – дейді Арай Әміре.

Дәл осы жағдайлар организмдегі механизмдерді, сондай-ақ, циркадты, яғни, уақытылы ұйықтап, уақытылы тұру жағдайын бұзып аламыз дейді диетолог.

“Әрине, ораза кезінде бұл жағдай бұзылады, дегенмен сағат 12-ден қалмай ұйқыға жатуымыз керек”, – дейді ол.

Ең зиянды тағам түрлері қандай?

Маман қазіргі таңда адамдар өте көп тұтынатын зиянды тағам түрлерін атады. Олардың ішінде: қант, тұз және әртүрлі консерванттар бар.

“Сондай-ақ ұннан жасалатын тағамдар. Неге олай десеңіз, бұл тағамдарды адамдар өте көп қолданады. Себебі, қант пен тұз (өлімге дейін апарады деп бағаланады) біз тұтынатын тағамдардың барлығының дерлік құрамында кездеседі. Яғни, тағамды дәмді әрі көп тұтыну үшін мөлшерден тыс пайдаланылады.

Мысалы, күнделікті тұрмыста 3 грамм ғана тұз тұтыну қажет болса, біз екі-үш есе көп мөлшерде қолданамыз. Қазіргі таңда адамдарда өтте, бауырда тас жиналу сияқты сырқаттардың себебі осында жатыр. Ақ ұн тағамдары –  біздің ағзамызға қажет емес қалдық тағамдар. Себебі, инсулиннің, жалпы қанның құрамының өзгеріске ұшырауына алып келіп, адамды қышқылдану процесіне алып келеді. Ал мұндай адамдар үнемі күйзелісте жүреді. Сәйкесінше, күйзелісте жүрген адамдар сырқатқа шалдығуы мүмкін. Сондықтан, бұлардың барлығы да біздің ағзамызға өте көп қолданудың әсерінен өте зиянды тағамдар болып есептеледі”, – дейді диетолог.  

Адам ағзасына ең пайдалы үш тағам ретінде маман асжапырақ, грек жаңғағы немесе миндаль, зығыр дәнін атайды. Сондай-ақ, кез келген көкөністердің барлығы адам ағзасына пайдалы.

Сәресіне тамақтанбаған дұрыс па?

Сәресіне тамақтанбау дұрыс шешім емес.

Таңертең сәресіне міндетті түрде тұрып, су, майсыз, жеңіл қорытылатын тағамдарды тұтыну қажет. Кейбір адамдар майлы, ұн тағамдарын күндіз ашығып қалмау мақсатында тұтынып жатады. Олай жасауға әсте болмайды. Себебі, ауыр тағамдардан организм әлсіреп қалуы мүмкін. Суға піскен ботқа сияқты тағамдарды қолданып, айран секілді сүт тағамдарынан сәресі уақытында бас тартқан жөн.

Ораза кезінде артық салмақтан арылуға бола ма?

Артық салмақтан арылу бұл – ауызды тыю емес, дейді Арай Әміре.

“Кез келген артық салмақтан арылу мақсатында ауыз бекітіп жүрген адамның ағзасында жасырын дефициттары, гармондарында өзгерістер болатын болса, әрдайым күйзелісте жүрсе, тек тамақтан тыйылу бұл жерде көмектеспейді. Керісінше, салмақ қосып алуы мүмкін. Дені сау адамның артық салмағы болмайды. Сондықтан біз ең бірінші өзіміздің ағзамыздың саулығына көңіл бөлуіміз керек”, – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр