Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диеталық қоспалар мен дәрумендер қатерлі ісік ауруын тудыра ма: Мамандар жауап берді

Әлеуметтік желіде диеталық қоспалардың құрамындағы витаминдер қатерлі ісік ауруын қоздырады деген ақпарат тарады. Дегенмен, мамандар диеталық қоспалардың дәрі емес екендігін, сондықтан олар қатаң бақыланбайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Диеталық қоспалар немесе биологиялық белсенді тағамдық қоспалар - организмнің белгілі бір функцияларына әсер ететін табиғи заттар немесе олардың фармакологиялық аналогтары. Бұл қоспалардың құрамында аз мөлшерде витаминдер, аминқышқылдары, минералдар, антиоксиданттар, ақуыздар және фитохимиялық заттар болуы мүмкін.

 Диеталық қоспалар дәрі емес, сондықтан олар қатаң бақыланбайды. Ал дәрумендер, керісінше, белсенді заттардың қатаң реттелетін дозаларын қамтитын препарат болып табылады.

Дәрумендер D- және L-изомерленуіне бөлінбейді. Бұл әлеуметтік желілердегі мәлімдемелердің жалғандығын көрсетеді.

Сонымен қатар, витаминдер ешқайсысы қатерлі ісік ауруын туғызбайды. Дәрумендердің артық дозалануы немесе гипервитаминоз адамның денсаулығына шынымен зиян келтіруі мүмкін. Алайда дәрумендердің қатерлі ісік тудыратынын дәлелдейтін зерттеулер жоқ.

1980 жылдары Юта штатының химия және биохимия департаментінің зерттеуі L-аминқышқылдарының концентрациясымен салыстырғанда ісіктердің бірнеше түрлерінде D-амин қышқылдарының концентрациясы төмен екенін көрсетті.

Осылайша, D-амин қышқылдары мен қатерлі ісіктердің байланысын дәлелдейтін нақты зерттеулер жоқ. D-аминқышқылдарының концентрациясы қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерінде жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін.

Сондықтан D-изомеризация витаминдері қатерлі ісік тудырады деген мәлімдеме жалған. Дәрумендер стереоизомерлерге бөлінбейді. 

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 21 Желтоқсан, 2022 16:23
Талқылау